Жылыойлық Ерлан Шакишов грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды

Астана қаласында 2023 жылдың 20-21 желтоқсаны аралығында грэпплинг спорт түрінен ерлер және әйелдер арасында ҚР Чемпионаты өтіп жатыр. Спорттық додада жылыойлық Ерлан Шакишов топ жарып, ҚР Чемпионы атанды. Ол 130 келі салмақта өнер көрсетіп, Әлем Чемпионатына жолдама алды.

Ерлан Шакишов - ұлттық жекпе-жектен, панкратионнан спорт шебері. Сондай-ақ, республикалық және Азиялық чемпионаттардан жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болып жүр. 

Жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы әлемдік додада сәттілік тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT