2022 жылдың 2-10 наурыз күндері Шымкент қаласында Еркін күрес кіші жасөспірімдер және жастар арасында біріккен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.
Жарыста республиканың барлық өңірінен, жалпы 1000-нан астам спортшы бақ сынаған болатын.
Боз кілемдегі балуандар айқасында Жылыойлық Аманғали Бекзат II орын, Базарбаев Нұрдәулет III орынға ие болды.
Аталған ел чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы әлем және Азия біріншіліктеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Спортшылардың жаттықтырушылары: Қ.Жұманов, М.Жарылғасов, А.Жаманбаев, Н.Әлжанов, Е.Рахманов.