Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін өз сөзінде айтқан болатын. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өөгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25 күні жыл сайын егемен еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар, ол Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталатынын айтты. Бұл күннің мемлекеттік мереке ретінде қала беретінін де тілге тиек етті.
Республика күні, яғни, 25 қазанда Қазақстандағы барлық халықтың достығы, бірлігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конституциямызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтадық. Сондықтан бұл құжаттың маңызы аса зор! Оны қашан да алдыңғы кезекке қоюымыз керек. Бұл күн – егемендігіміздің мерекесі болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған күн барша Қазақстанда тұратын халық үшін зор мәртебе, мақтаныш болуы керек. Әр азамат Республика күні «Бұл- менің Республикам» деп еңсесін асқақ ұстаса жарасымды.
Ал 16 желтоқсанды егемендік пен еркіндікке қол жеткізген күніміз деп шаттана тойлап жатсақ та, сол күні болған қанды оқиға, жазықсыз жалаға тап болған қазақ жастарының қайғысы еске түсіп жаның жабырқап қалады. Сондықтан, 16 желтоқсан – өз алдына Желтоқсан оқиғасын естен шығармайтын, мемлекеттік мереке болып қала бергенін мен де құп көремін.
Ал Республика күні елдігі мен кеңдігі қатар Қазақстанда тұрып жатқан жүздеген ұлт пен ұлыстар үшін де мақтаныш. Тасқа басқан тарихымызды келер ұрпаққа насихаттайтын көпті көрген белгілі адамдарды халық алдына шығарып, олармен сұхбат ұйымдастыру керек. Оның ішінде өзіміз секілді тілі де, тілегі де бір өзге ұлт өкілі болса тіптен ғажап! Ешқашан «өзге ұлт» деп өңменінен итермейтін қонақжай қазақ жерінде ғұмыр кешіп жатқан біз бақыттымыз. Қазақстанды олар өз Отаным деп санайды.
Барша жерлестерімді, әр қазақ азаматының айтулы мерекесі саналатын – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа Қазақстанды құруға , демократиялық құндылықтарды орнықтыруға атсалысайық! Егемен еліміздің ертеңі жарқын болып, өрлей берсін! Мәртебеміз асқақтап, шаттығымыз шарықтай берсін!

Навбохор Сейтимбитова,
«Алтын алқа» иегері, өзге ұлт өкілі,
Құлсары қалысының тұрғыны