ЖЫЛЫОЙЛЫҚ КІТАПХАНАШЫ, ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАҒА ИЕ БОЛДЫ
25 қазан - Республика күніне орай Атырау қаласында өткен “Қыран далам - Қазақстан” атты облыстық салтанатты шарада аудандық орталық аурухананың оташылар бөлімінің меңгерушісі Дархан Бөртебаев, аудандық орталық кітапхананың оқырманды қамту бөлімінің библиографы Қымбат Қабдрахманова және “Казкомсервис” ЖШС құрылтайшысы Қайыржан Құлтекенов марапатталды.
Олар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін “Шапағат”, “Ерен еңбегі үшін”, медалін және “Құрмет” орденін иеленді.