Жылыойлықтар Жолдауға үн қосты

«Кең Жылыой» мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аудан активімен талқыланды. Маңызды құжатты талқылауға ауданымыздың ардагерлері, жергілікті атқарушы орган басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудандық Қоғамдық кеңес, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органы басшылары, бюджеттік және өндірістік мекеме басшылары қатысты. Жиналысқа аудан әкімі Азамат Бекет төрағалық етті.

- 2019 жылғы 2 қыркүйектің мемлекетіміздің ең маңызды күндерінің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдау жасады. Онда елдің әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салаларымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінгенін көреміз. Ел бірлігі тіл саясаты екенін, көпұлтты мемлекетіміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын жеткізді.

«Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаны зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Жолдауда Президент Үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан күшіне енуі тиіс. "Келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешімім де күшіне енеді", - деп толықтырды Президент.

Бұл - ауқымды Жолдау, өйткені онда ел дамуының өте үлкен жоспарлары белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н. Ақназаров, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Сисенбердиев, аудандық мәслихат депутаты С.Жұмағалиева, аудандық прокуратураның прокуроры Қ.Асылбеков, №3 мектеп директоры Ш.Оңғарбаева, аудандық соттың бас маманы А.Әбдіғалиева, Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Серікбаев, жеке кәсіпкер А.Шудабаевалар Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, өз пікірлерін білдірді.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521