Жылыойлықтар құрбандықты онлайн шалуда (+ВИДЕО)

Мешіт жанынан арнайы автокөлікпен жабдықталған екі бригада ұйымдастырылды.

Құлсары қаласындағы Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиевтың хабарлауынша, qurban2020.kz сайты арқылы аудан тұрғындары онлайн тапсырыс беруде.

Түске дейін мешіттің өкіл имамы Нұрбек Ибайдоллаевтың атына ашылған есепшотына түскен қаражатқа 12 қой, 8 тоқты, 2 ешкі алынды. Құрбан малы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жеке кәсіпкер Асхат Молдабаевтың мал сою пунктінде сойылуда.

Еті онлайн тіркелген мұқтаж жандарға таратылады. Ол үшін мешіт жанынан арнайы автокөлікпен жабдықталған екі бригада ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, аудан кәсіпкерлері мен діни басқарма бірлесіп, 10 мүйізді ірі-қара сатып алынып, аудандағы 150 отбасына еті азық-түлікпен қоса таратылып жатыр.

3107

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT