Жылыойлықтарға 84 мың медициналық шприц тегін таратылды

Компания халыққа 2 миллион 950 мың шприц таратуды жоспарланды

"Brando” шприцтер фабрикасы тұрғындарға медициналық заттарды тегін тарату үшін ерекше акция ұйымдастырды. Компания халыққа 2 миллион 950 мың шприц таратуды жоспарлап, оның 600 мыңын облыс халқын коронавирустан жаппай вакцинациялау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырды. 

84 мың шприц Құлсары қаласы, кент және ауылдық округ әкімдіктеріне берілді. Бір қорапта 1200 дана шприц болса, Құлсары қаласына 20 қорап, Жаңа Қаратон кентіне 4 қорап, Қосшағыл ауылдық округіне 3 қорап, Тұрғызба, Қара Арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдық округтеріне 2 қораптан берілді.

Құлсарылық еріктілер шприцтерді қаланың қоғамдық орындарында, орталық базар мен аялдамалар т.б. орындарда тұрғындарға таратты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521