Жылыойлық мұнайшылар марапатталды

Ауданымызда  «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 100 жылдық мерейлі мерекесіне орай «Жылоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының  «Мұнайлы өңірге мың тағзым» атты мерекелік шарасы болып өтті. Отандық компанияның байырғы мұнайшылары мен еңбек үздіктеріне салтанат кезінде зор құрмет көрсетілді. Олардың еселі еңбегі лайықты атап өтілді.

Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой»  мәдениет үйінде өткен салтанатта экранда  «Жылоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қалыптасу кезеңдері мен  тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қайыржан Есен   ел қазынасын толтыруға үлес қосқан мұнайшыларды құттықтады. Бұдан соң «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында ұзақ жылдар еңбек еткен С.Әділов, Ә.Бабасов, Е.Бисенов, Қ. Жұбанов, С.Қосанов, Қ.Мейірманова, С.Мұханбетиярова, М.Мырзабай, Б.Рахметова, К.Омаров, А.Мұқанов, А.Мұқашев, С.Жамекеноваларды «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына - 100 жыл» мерекелік медалімен   марапаттады.

Әр жылдары «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасын басқарған  Мәлік Көптілеуов, Айболат Ғабдуллин, Аманғали Нұрбауов, Аманкелді Сүлейменов, Мақсот Наукеновтер «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына - 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен басқарманың еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Қайрат Құлбалиев,  Құлсарыдағы арнаулы техникалар және автокөліктер керуенінің машинисі Бауыржан Сүйінғалиев марапатталды. Құлсарыдағы арнаулы техникалар және автокөліктер керуенінің жүргізушісі Еркін Сатаев өңіріне «Еңбек ардагері» медалі тағылды. «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен басқарманың Геология және мұнай - газ кен орындарын игеру бөлімінің бастығы  Ахмет  Нареков марапатталды.

Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының машинисі Самат Сүлейменов, Прорва кен орнын игеру тобы өндірістік басқармасының жетекші механигі Жанболат Есболаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен Қосшағыл мұнай-газ өндіру цехының мұнай-газ өндіру операторы Талғат Ерошев пен Прорвадағы мұнай-газ өндіру цехының мұнай-газ өндіру операторы Нұрберген Тапаловтар марапатталды. Прорвадағы өндірістік құрал-жабдықтарды жөндеу және пайдалану учаскесінің жөндеушісі Аманжол  Әбенов  «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры  акционерлік қоғамының Құрмет грамотасымен марапатталды. «КазЭнерджи» Қауымдастығының Құрмет грамотасы Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының операторы Жексембай Жұмақұлов, Терең-Өзек мұнай-газ өндіру цехының мұнай-газ өндіру операторы Асылхан Өскінбаевтарға табыс етілді. «Ембімұнайгаз» Акционерлік Қоғамының Құрмет грамотасымен  Терең-Өзек мұнай-газ өндіру цехының мұнай-газ өндіру операторы Жайғали  Жалғасбаев, Құлсарыдағы өндірістік құрал-жабдықтарды жөндеу және пайдалану учаскесінің жөндеушісі Есенжан  Сенғалиев,  Зерттеу жұмыстары цехының операторы Айгүл  Демесінова марапатталды. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының Алғыс хатымен Құлсарыдағы мұнай дайындау және айдау цехының операторы Жанар Өмірзақова, Прорвадағы арнаулы техникалар және автокөліктер керуенінің машинисі Асылбек  Біләлов, Прорвадағы мұнай дайындау және айдау цехының лаборанты Қаражігітова Сара  марапатталды.

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына - 100 жыл толған мерейтойына орай ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Прорвадағы мұнай-газ өндіру цехының операторы Оразбай  Төлеуғалиев 5 000.000 теңге бағалы сыйлық сертификатымен марапатталды.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов  мұнайшыларды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады.

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Рысты  Тасмағамбетова мен  «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының  Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану  Шарафетдинова ардагерді «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына - 100 жыл» мерекелік медалімен  марапатталады.

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Ғибатолла Толағайұлы Шанаев басқарманың кешегісі мен бүгінгісі туралы тебірене толғады.

-Бүгінгі таңда басқарма мұнайшылары өндіріп отырған қара алтынның 80 пайызын беріп отырған Прорва кен орындарының болашағы зор. Мұнда өнім өндіруді өсіру, кеніштердің келешегін кеңейте түсу мақсатында геологтарымыз көптеген жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Мұнайшылардың арқасында жыл сайын Республика, облыс бюджетіне қомақты қаржы бөлініп, ел игілігі үшін пайдалануға берілуде,- деді Ғибатолла Толағайұлы.

Мерекеде облыстық Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония және аудан өнерпаздары ән-мен күйден шашу шашты.

С.Бақтығали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT