Жылыойлық Біріккен Араб Әмірлігіндегі консулдықтан дауыс берді

Жылыой ауданы тұрғыны, аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің жетекшісі Досан Әділов сайлауда шетелде жүрген еді. Ол Біріккен Араб Әмірлігінде саяхаттап жүрген. Алайда Қазақстанда аса маңызды саяси оқиға- Президент сайлауынан шет қалуды жөн көрмеді. Сөйтіп сол елдегі консулдыққа барып өз таңдауын жасады.

Шетелде жүрсе де өзінің туған елінің азаматы ретінде тарихи науқанға үн қосты. Бұл- кейбір саяси оқиғаларға салғырт қарайтындарға үлгі деп ойлаймыз.



С. Бақтығали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT