Жылыойлық белсенділер елмен бірге

"Біз біргеміз" Республикалық акциясы Жылыой ауданында әлі де жалғасып жатыр.

Қазақ қашан да жетімін жылатпай қамқорлығына алып, қанатымен қомдаған халықпыз ғой. Қазіргі таңда Мемлекет әлеуметтік әлеуеті төмен, көпбалалы отбасыларды өз қамқорлығына алып, қолдан келгенше көмек көрсетуден тайынбай жұмыстар атқарып келеді.

birgemiz

«Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасының аясындағы "Бақытты отбасы" атты партиялық жобасының негізінде "Біз біргеміз" Республикалық акциясы Жылыой ауданында әлі де жалғасып жатыр. Бұл игі істен "Құлсары аумақтық" БПҰ-ның белсенділері мен аудан еріктілері де тыс қалған жоқ.

birgemiz1

Ерікті жастардың көмегімен азық-түліктермен қатар, гигиеналық құралдар, әр отбасы мүшелеріне тегін бетперделер таратып, ел алғысына бөленуде. Әлем назарын аударып отырған індетке қарсы қайырымдылық жасау мұнымен ғана шектелмей, алдағы уақытта да жақсы іс өз жалғасын таба бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521