Жылыойлық Бөкеновтер «Парасатты отбасы» атанды

Жылыойлық Бөкеновтер «Парасатты отбасы» атанды

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат ойлы, парасатты, қайырымды отбасыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауы ұйымдастырылды.

Биылғы карантиндік шараларға байланысты аталмыш шара онлайн түрде өткізілді. Байқау шартына сәйкес әр отбасы мүшелері парасатты отбасы құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірлерін және өз отбасындағы ұстаным туралы бейнероликтерді әлеуметтік желілерді жариялап, әрбір қатысушыдан келген бейнероликтер қазылар алқасымен жеке-жеке сарапқа салынды. Байқаудың тағы бір ерекшелігі былтырғы жылы 13 отбасы байқауға өтініш білдірсе, биыл олардың саны 25-ке жетті. Байқаудың үздік деп танылған отбасылары 18 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында марапатталды.

Атап айтсақ, «Өнегелі» отбасы номинациясымен индерлік Құрманғазиевтер отбасы, «Шебер отбасы» номинациясымен Индер ауданындағы үлгілі отбасылардың бірі Мендешевтер отбасы, «Ынтымақты» отбасы номинациясымен махамбеттік Талғатовтар отбасы марапатталды. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен жүлделі ІІІ орын исатайлық Қарабалиндер отбасы және қызылқоғалық Берегеновтер отбасына бұйырса, ІІ орын қызылқоғалық Гафуриновтер және жылыойлық Төлеуовтер отбасына берілді. Ал, оқ бойы оза шапқан Бөкеновтер отбасы І орынмен марапатталады. Барлық марапатталушыларға дипломдар мен гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521