25-30 сәуір аралығында Шымкент қаласында жасөспірімдер араында Қазақ күресінен ел чемпионаты өткен болатын.
Чемпионатқа 17 өңірден 1000 ға жуық спортшы қатынасты. Жылыойлық Аманұлы Ақылбек жауырыны жерге тимей, қарсылас шақ келтірмей топ жарып Қазақстан чемпионы атанды.
Ал қыздар арасында өткен тартысты белдесуде Шыңғысхан Гүлхан өз салмақ дәрежесіндегі спортшыларды тізе бүктіріп Ел чемпионы атанса, Бітімбай Шынар күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Хамит Қожа Ахмет жүлде үшін таласта қарсыласынан басым түсіп қола жүлдеге қол жеткізді.
Жылыой өңірінің медальдар қоржынын толықтырған төрт спортшының жаттықтырушылары: Әбілдиев Асылбек, Әбілдиев Мейрамбек, Көптілеуова Жаңылсын, Лайбаев Мейрам.