Жылыойдың торқалы тоқсан жылдығы қалай тойланады?

Биыл тамыры терең, тарихы кенен киелі Жылыой ауданының 90 жылдық мерекесі тойланады.

80 мыңнан аса тұрғыны бар ауданның жеткен жетістігі жетерлік. Бүгінде айтулы мерейтойдың іс-шара жоспары бекітіліп, дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Киелі мекен - Кең Жылыой » атты мерекелік шара 28 қыркүйек күні ҚР еңбегі сіңген қайраткер Жүрсін ЕРМАННЫҢ жүргізуімен «Жерұйығым Кең Жылыой» атты Республикалық ақындар айтысымен басталады. Аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде от ауызды орақ тілді ақындар айтысына Мұхтар Ниязов, Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Сырымбек Сәрсенбаев, Ершат Қайболдин және тағы басқа айтыс өнерінің жүйріктері қатысады.

29 қыркүйек күні сағат 10:00 де Орталық алаңда "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблі, Атырау облыстық филармониясы оркестрі мен Жылыой ауданы өнерпаздарының мерейтойға арналған мерекелік шашуы болады.

Сағат 15:00 де Бүркіт төбе бағытындағы Бәйге алаңында аламан бәйге, топ бәйге және атан жарысы өтеді. Жүлдесіне автокөлік тігілуде.

Сағат 18:00 де қаламыздың орталық стадионында едімізге танымал эстрада жұлдыздары Өмірқұл Айниязов, Мөлдір Әуелбекова, Қуандық Рахым, Ғазизхан Шекербеков, Бейбіт Кушқалиев және Назар тобының қатысуымен өтетін мерекелік гала концерт ұйымдастырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521