ЖЫЛЫОЙДАН COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Жылыойдан 1 адам коронавирус жұқтырған

Қазіргі уақытта 91 адам амбулаториялық негізде емделуде.

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан төрт науқас - Атырау қаласынан, екеуі Теңіз кенішінен және бір адам Жылыой ауданынан тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған төрт адамда ауру симптомды, үшеуінде симптомсыз түрде өтуде.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 25 емделуші жазылып шықты.

Қазіргі уақытта 91 адам амбулаториялық негізде емделуде.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз-қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521