Жылыой ауданындағы жұмыссыз тұрғындар түрлі мамандықтар бойынша тегін білім алуда. Олар APEC PetroTechnic жоғарғы колледж оқытушыларынан аргон доғалық дәнкерлеу, оқшаулағыш, фланецті қосылыстарды қолмен және гидравликалық қатайту, дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын қосылыс, жеңілдетілген жүйені пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді есепке алу негіздері, тиімді смм, практикалық сабақ және макияж негізгі секілді курстарды оқып жатыр.
Қазіргі таңда 100-ге тарта жылыойлық азамат аталған курстарды оқып, білімін шыңдауда. Оқыту жұмыстары тамыз айының аяғына дейін жалғаспақ.
Айта кету керек тегін оқуды жергілікті әкімдік «CIS Kashagan» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастыруда.