Ембі-Ақкиізтоғай гидропостында су деңгейінің 8:00-ден 20:00-ге дейін көтерілуі 55 см құрады. Су деңгейінің көтерілуінің жиелілігі артуда.
Қазір уақытта су деңгейі 325 см құрайды.
Жедел штаб қорғау дамбаларын нығайту бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. Ауданға облыстың әкімінің орынбасары Марат Мурзиев шықты.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша МИО, ТЖД, Эмбамунайгаз, ТШО және оның мердігер компанияларының күштері жұмылдырылуда.