«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қазіргі уақытта тұрғындарға, соның ішінде үйіне интернет желісі тартылмаған немесе компьютері де жоқ азаматтар қызмет алуда.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» дербес компьютермен толық жабдықталған. Тұрғындарға кеңес беру үшін арнайы қызметкер тағайындалған.
«Электронды үкімет» веб - порталынан электронды түрде қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған, олар:
ЭСҚ-ға өтініш, жеке тұлғаның жылжымайтын мүлігінің болуы (болмауы) туралы, бала тууды тіркеу,бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау, жұмыссыз ретінде азаматтарды тіркеу, сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, зейнетақы аударымдары жөнінде анықтама;
медициналық ұйымға тіркелу;
бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау;
қайтыс болуды тіркеу; жүктілік және босануына байланысты жұмысынан айырылу; мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат т.б.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметтеріне өтінішті тұрғындар «Е-лицензиялау» порталы арқылы бере алады.
Сонымен қатар ауыл әкімдігінде «Aleumet.egov.kz» порталы арқылы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Автоматтандырылған жүйе жұмысы көмегімен ерекше қажеттіліктері бар адамдар қызмет ала алады.
Осы аталған порталдан ЭСҚ арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар, атап айтқанда:
-Кресло-арбаларды;
-Сурдо-тифлотехникалық құралдарды;
-Міндетті гигиеналық құралдарды;
-Санаторлық –курорттық емдеуді;
-Жеке көмекшіні;
-Протездік-ортопедиялық көмекті тағы басқа да көмек түрлерін ала алады.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асыру, халыққа электронды сервистерді қолдану тиімді. Әкімшіліктегі қызмет көрсету бұрышы сағат 9:00 – 18.30 аралығында жұмыс жасайды. Орналасқан жері: Жем ауылдық округі әкімі аппараты, А.Жолдыбаев көшесі №411 Мәселелер туындаса Жем ауылдық округі әкімінің аппаратына неме[1]се2-91-00 байланыс телефоны арқылы хабарласа алады.
фото: Тұрар Қазанғапов