Жылыойда Әжелер мектебі құрылды

Жылыой ауданында орталық мешіт жанындағы әйел жамағаты арасында Әжелер мектебі құрылды.

Салтанатты жағдайда ашылу рәсімі өткен іс-шарада Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Әжелер мектебінің қоғам тәрбиесіндегі ролі туралы айтты.

«Халқымызда «Әйел – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген керемет сөз бар. Жас ұрпақ тәрбиесі аналарымызға тікелей байланысты. Сондықтан, әжелеріміздің жүріп өткен өнегелі жолын дәріптеу арқылы, қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне атсалысатын мұндай мектеп өте қажетті дүние» деп атап өтті Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Жылыой ауданы бойынша Әжелер мектебіне енді ақжаулықты ана Бірғаным Нұрдаулетова жетекшілік ететін болады.

amin.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521