Олар қалаға кіреберістегі көпір маңы мен Жем өзенінің бойын тазартқан. Бұған дейін де өзен жағасына демалуға баратын тұрғындардың ішкен-жегенінен қалған қалдықтарды қалдырып кете беретінін айтқан едік. Шашылған қоқыстарды байқаған саятшылар да шыдай алмаса керек, бірден іске кірісіп кетіпті. Сөйтіп, олар лас-қалдықтарды түгел үлкен дорбаларға жинап, көліктеріне тиеп алып кетті.
– Біздің топтағы саятшылардың бәрі сенбілікке қатысқысы келген. Бірақ көбі жұмыста болғандықтан, әзірге 10 шақты жігіт болып шықтық. Бұл өзге жастарға үлгі, ал табиғатқа аяушылық танытпайтындарға сабақ болса екен дейміз,-дейді ұйымдастырушылар.
П.ШЫМЫРБАЙ.