Жылыойдағы блокбекетті айналып өтпек болғандар ұсталды

Оларға қатысты аудандық полиция бөлімімен әкімшілік іс қозғалды

Карантин режимі енгізілген Құлсары қаласы аумағынан Атырау қаласына Қара Арна ауылдық округі арқылы айналып кетпек болған Құлсары қаласының 6 тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта карантин режимін бұзып, блокбекеттерді айналып өтпекші болған тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 571-бабына сәйкес аудандық полиция бөлімімен әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ жинақталған жадығат Жылыой аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына шешім қабылдау үшін жолданады.

Жылыой аудандық жедел штаб.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521