Жылыойдағы ауылдар әлеуметтік нысандармен толықты

Ауылды жаңғыртқан жарқын жоба

Кеше Тұрғызба, Ақкиізтоғай, Қосшағыл, Майкөмген елді мекендерінде және Жаңа Қаратон кентінде белсенді ауыл жастарының, еріктілердің, сондай-ақ жанашыр тұрғындардың идеясы аясында он бір нысанның ашылу салтанаты өтті. Олардың бой көтеруі «Орталық Азияның Еуразия Қоры», «Теңізшевройл» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы шеңберінде жүзеге асты.

Салтанатты рәсімге жобаны іске асыру аясында қатысушыларға қолдау көрсетіп, мақсатты істің ойдағыдай орындалуы жолында аянбай еңбек еткен қор директоры Ринат Темірбеков, жоба менеджері Алма Шолпанқұлова, тренер-сарапшы Әсел Иманғожина, жоба ассистенті Сағындық Жадыра және жобаның үйлестірушісі Үзілдік Молдағалиева арнайы келіп, жаңа құрылыстармен танысып шықты.

2710

«Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев ауыл халқының игілігіне берілгелі тұрған жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, алқызыл лентасын қиды. Ауыл жастарының ұйымшылдығы мен ауызбіршілігіне риза болып, игі ісіне сәттілік тіледі. Жергілікті тұрғындардың белсенділігі мен ұқыптылығына жоба тобының мүшелері де таңданып жатты.

27101

-«Қоғамдық кеңістіктер» жобасының алға қойған мақсаты – әлеуметтік мәселені шешуде жергілікті қауымдастықпен бірлесіп жұмыс жасау болатын. Біз бұл мақсатымызға қол жеткізе алдық. Жергілікті тұрғындар өздері ауыл ішіндегі мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсынды. Бастамашыл топтар құрып, өз қауымдастығындағы қоғамдық нысандарды өздері қалыпқа келтірді. Бос уақытында тегін қызмет көрсете отырып, жұмыла атсалысты. Әрине, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін жоба тобы да үлкен жұмыс атқарды. Елді мекендердегі инфрақұрылымдардың нақты мәселелері және жобалар әлеуеті кеңінен талқыланды. Белсенділер мен көшбасшылардың ықтималдық үлесіне аса мән берілді. Бастысы жоба идеясын қарқынды түрде қолға алуға әкімдік өкілдері де қолдау көрсетті, – дейді жоба ассистенті Сағындық Жадыра.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT