Мерекеге орай аудан тұрғындары арасында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қой көтеру және арқан тартудан сайыстар өтіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Боз кілемдегі белдесуге аудан тұрғындары арасынан жиырма палуан іріктеліп бақ сынады.
Ақтық мәреге жетіп, иығы жерге тимеген түйе палуан Қонқақов Береке I орынға ие болды. II орын Қайырбай Манас, III орын Табылды Қайсар місе тұтты. 32 келілік гір тасын көтеру сайысына қатысқан спортшылар арасынан 5 минут ішінде ең көп көтерген мықтылар I орын - Әбілдиев Аманбай (37) II орын - Сағынғалиев Шынарбек (35) III орын - Шәдіров Қабілен (32) иеленді.
Соңғы кезде дәстүрлі түрде кеңінен таралып жүрген тағы бір мерекелік ойын түрі "Қой көтеру" сайысында салмағы 60 келіден астам ісек қойды 2 минут ішінде 46 рет көтерген Аманов Әділет бас жүлдеге ие болып жүлдеге тігілген ісек қой табыс етілді.
Командалық сайыс "Арқан тарту" ойынына 7 команда қатысып, "4 ауыл - Ардагерлер" командасы жеңімпаз атанып мерекеге орай ұйымдастырылған спорттық сайыстар қорытындыланды.