ken-zhyloi.kz
Халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша өткізіліп жатқан үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарына қарамастан, адамдардың тұрғын үй секторында улы және табиғи газбен улану фактілерінің орын алуы жалғасуда. Жылу беру маусымы басталғалы Жылыой ауданы бойынша табиғи газға уланудың 6 жағдайы тіркеліп, 37 адам (оның ішінде 16 бала) аудандық ауруханаға дәрігерлік көмекке жүгінген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарына қоса ерекше назарды жылыту жүйелерін пайдаланудың қауіпсіздігіне аудару қажет. Осыған орай аудандық төтенше жағдайлар гарнизоны қызметкерлерімен халықтың қорғалмаған тобы үйлерінде (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер) көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнату жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тұрғындарға аталған датчиктің жұмыс жасау тәртібі мен дыбыстық дабыл кезіндегі әрекеттері түсіндірілді. Қазіргі таңда датчик 25 үйге орнатылды. Дабылмен қаралатын датчиктің жұмысының мәні көмірқышқыл газы анықталған кезде оның ауа массасындағы концентрациясы рұқсат етілген шектен асатындығын білдіретін жарық және дыбыстық сигналдың берілуінде. Аталған іс шаралар үкіметтік емес ұйымдардың қолдау көрсетуі арқылы жүзеге асырылды.
Жылыой ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі