Жылыойда туризм саласын дамытудың маңызы зор

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кандидаттар кездесуге қатысушылардың ой-пікіріне құлақ асты.

«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сайын Қуанышев, Асылбек Джакиев, Қанатбек Қасымғалиев аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Партияның аудандық филиалында өткен жүздесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кандидаттар кездесуге қатысушылардың ой-пікіріне құлақ асты.

23122020

Тұрғындар үміткерлерге ауданда туризм саласын дамытуға бағытталған бірнеше сұрақтар қойды. Жылыой жерінің қасиетті мекендеріне айналған, бір бағытқа шоғырланған «Ақмешіт», «Құлшан Ата», «Алтын адам» сынды тарихи орындарға қатынайтын жол салу ұсынысын білдірді.

Партия бағдарламасының айқындығына сенген жылыойлықтар партияға сәттілік тілеп, дауыс беретіндерін айтты.

Ш.Хамитова

"Nur Otan" партиясының Атырау облысы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT