ЖЫЛЫОЙДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

Жылыой ауданында кешенді оқу-жаттығудың бірінші күні аяқталды. Кешенді оқу-жаттығудың ресми ашылуына аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров пен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Сержан Жолмағанбетов қатысты.
Бірінші күн жоспары бойынша азаматтық қорғау қызмет басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне және аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне теориялық сабақ өткізілді. Түстен кейін азаматтық қорғау саласындағы заң бойынша кіріс сынағын тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT