Жылыойда тағы 9 адамнан COVID-19 табылды

Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 11 адам туралы ақпарат 

Ауру жұқтырғандардың 2-еуі Атырау қаласынан, 9-ы Жылыой ауданынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Күні бүгінге өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 адам анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521