Жылыойда тұрғындар пробация қызметкерлерінен қашып жүрген

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Жылыой аудандық пробация қызметінің инспекторларымен пробациялық бақылаудан жасырынғандар ұсталды.

Сот үкімімен ауданның екі тұрғынына шартты түрде жаза тағайындалғанымен, олар ай сайынғы белгіленуге келмей, инспекторлардан жасырынған. 2017 жылдың мамыр айында Жылыой аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын ҚР ҚК 191 (Тонау) бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Алайда сот үкімін орындамай, жергілікті пробация қызметіне белгіленуге келмеген. Осыдан соң оған іздеу жарияланған.

- Пробация инспекторларымен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған сотталған Құлсары қаласында жалдамалы пәтерде тұрып жатқандығы анықталып, Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнына әкімшілік қамаққа алынды,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі. Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап іздеуде тұрған жылыойлық азамат тамыз айында Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің қызметкерімен ұсталып, қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті КА-168/1 мекемесіне қамалды.

- Аталған сотталғанға Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық №2 сотының 2018 жылғы 28 наурыздағы қаулысының негізінде жазасының 1 жыл 15 күн өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, пробациялық бақылау орнатылған болатын. Бірақ ол берген мүмкіншілікті пайдаланбай, пробация инспекторларынан жасырынды,- дейді Атырау облысы ҚАЖД Жылыой аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлдана Карасаева.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Атырау облысында 600-ден астам адам пробация қызметі есебінде тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521