Жылыойда түнгі уақытта көшеде жүрген 8 жасөспірім ұсталды

Ауданымызда «Қауіпсіз қала" атты жедел профилактикалық іс-шара өтуде. Профилактикалық шараға Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - ата-аналар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Рейд кезінде аудандық полиция бөліміне беймезгіл уақытта көшеде жүрген 8 жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігімен түнгі мезгілде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз үй жайдан тыс жерде жүргені үшін 5 жасөспірімнің заңды өкілдеріне , 442 баптың 3 тармағымен 1 жасөспірімге қатысты жадығат сотқа жіберілді.

КР ӘҚБтК-нің 435 бабы бойынша  1 жадығат,  2 жасөспірімнің қамқоршысы тағайындалмауына байланысты 1 жадығат аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтардың қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT