Жылыойда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Құрметті аудан тұрғындары!

Жылыой ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Көктемгі су тасқыны ауданға қиыншылық туғызып отыр. Осыған байланысты аудан бойынша бүгіннен бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазіргі кезде Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елдімекеніне су кірді.

Ең бастысы - адам өмірі. Сондықтан қазіргі таңда қауіп төніп тұрған аумақтардағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Құрметті тұрғындар!

Сіздерден Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерінің нұсқамасын мұқият тыңдау сұралады!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT