ken-zhyloi.kz
Бүгінде су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында, көктемгі судан қорғану жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жасақталды. Ауданда су тасқынына қарсы басшылық жасау мақсатында, құрамында 20 адамы бар штаб құрылып, атқарылатын жұмыстар жөніндегі іс-шаралар бекітілді.
Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар гарнизонының көктем мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдарының топтамасы бекітілді. Шараға сәйкес аудан көлемінде автомобиль және теміржол магистральдарында орналасқан құбырлар мен көпір ғимараттарының, шлюздер мен қорғаныш бөгеттерінің су өткізгіш жағдайлары толықтай тексерілді.
Аудан бойынша Жем өзенінің су басу аймағына Жем ауылдық округі (Тұрғызба ауылы), Қара Арна ауылдық округі (Шоқпартоғай ауылы) енуіне байланысты қауіпсіздік шараларын алу мақсатында Теңіз кенішінде орналасқан мердігер мекемелердің («ССЕР» ЖШС,«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС,«Насар» ЖШС,«Сенімді құрылыс» ЖШС) қатысуымен Жем өзенінің қапталдарын ашу, канал қазу, арналарды кеңейту, бөгеттерді биіктету бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі