Жылыойда су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды

Жылыой ауданында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары жүргізілуде

Жылыой ауданы бойынша су басу аймағына жататын учаскелерге көктемгі су тасқыны және қардың еруі, жауын-шашын суының алдын алудағы дайындығына шолу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлескен түрде Қара Арна, Жем ауылдық округтері аумағындағы су басу қаупі бар учаскелерде тұрғызылған бөгеттер мен Жем өзені бойына салынған «Бақашы» шлюзының су өткізгіш жағдайлары тексерілді. Бүгінде су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында, көктемгі судан қорғану жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жасақталды.

Ауданда су тасқынына қарсы басшылық жасау мақсатында штаб құрылып, атқарылатын жұмыстар жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар гарнизонының көктем мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдарының топтамасы бекітілді.

Қ.Кенжебеков,

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,

азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT