Жылыойда STEAM зертханасы ашылды

Құлсары қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп базасында тұңғыш рет STEAM зертханасы іске қосылып, ресми ашылу салтанаты өткен аптада өтті. Ашылу салтанатына халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен ғылыми-инженерлік жабдық жеткізу саласындағы көшбасшы компанияның өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысып, шеберлік-класын өткізді. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Гүлнәфис Айшуақова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Бұл зертхананың ашылуы аудан оқушыларын білімге тереңірек ұмтылдырып, шыңдай түседі деген сенімдемін. Осы жоба арқылы балалар әлемдік оқу деңгейіне ұмтылып, жаңа әдістерді меңгеріп, сапалы білім нәрімен сусындап, түрлі лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйреніп, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасар деген үмітім де жоқ емес. №8 жалпы орта білім беретін мектеп база- сына STEAM зертханасын ашып, жаңа жобаны әкелген ТШО компаниясына аудан әкімдігінің атынан зор алғыс білдіре отырып, осындай жобалардың бір күндік қана болмай, алдағы уақытта да өзге білім беру ұйымдарында да ашылса екен деймін.

Жобаның бас демеушісі «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов та ашылу салтанатына қатысып, оқушылар мен мұғалімдерге, өзге де қатысушыларға арналған ақжарма тілегін білдіріп өтті.

-Бүгін - барша Жылыой халқы үшін өте қуанышты күн. Осындай көңіл көтерер жақсы күнде «Теңізшевройл» компаниясы атынан STEAM зертханасының ашылуымен құттықтаймын! ТШО компаниясы қашан да Жылыой ауданының жан-жақты дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бүгінгі іске қосылып жатқан жоба ауданның білім беру с аласын өркендетуге бағытталған жобаның бірі болып отыр. Осындағы жалпы орта білім беретін мектептерде болашағынан үлкен үміт күттіретін мыңдаған оқушы білім алуда. Біздің мақсат – оларға заман талабына сай оқу жағдайын жасау. Айта кетейін, осындай заманауи зертхана облыс бойынша тек Жылыой ауданында ашылып отыр, - деді Д.Аронов өзінің құттықтау сөзінде.

Құттықтау сөздер легі өз мәресіне жеткен соң кезек зертхананың тұсаукесер лентасын қию рәсіміне берілді. «Zhylyoy STEAM Mekeni» жобасы ауданының даму бағдарламасының аясында Теңізшевройл компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жалпы, алпауыт компания Жылыой өңірін дамыту үшін бірнеше жобаларды әзірлеуде. Соның ішінде жергілікті білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуде. Аудан мектебінде алғаш рет ашылған жаңа зертхана - сол жобалардың бастауы. Жоба операторы «Caravan of Knowledge» Корпоративтік қоры.

100 шаршы метрден асатын аумағы бар ғылыми кеңістік өзіндік талаптары мен профильдік бағыттары бойынша әзірленген 3 аймаққа бөлінді. Зертхана жабдықталуы химия-биология, физика-математика бағыттары бойынша кешендерді, сонымен қатар, зертхана FIRST әлемдегі ең ауқымды ғылыми- инженериялық қозғалысының халықаралық стандарттарына сай бөлек инженерия аймағын қамтиды. Жабдықтаудан басқа, жоба аясында мұғалімдерге арналған STEAM әдістемесі бойынша оқыту курстары жүргізіледі. Бұл курст ағы білімді мұғалімдер тек зертханада ғана емес, оған қоса жаратылыстану-математика бағытындағы басқа сабақтарда да пайдалана алады.

Ресми шарада «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері, жобалық менеджмент саласы бойынша сертификатталған халықаралық тренер Зарина Биюмбаева және FIRST Global ұйымының Қазақст андағы ресми өкілі Нұрдәулет Досмағанбетов, Полимедиа компаниясының STEAM білім беру департаментінің директоры Нұрбол Тютебаев және тағы да басқа арнайы қонақтар қатысты.

«Zhylyoy STEAM mekeni» жобасының басты мақсаты — аймақтағы жалпы білім беру мектептерінде жаратылыстану ғылымдарының дамуына жан-жақты үлес қосу. Жоба STEAM кабинеттерін жабдықтау, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушыларды қосымша оқыту және қолданбалы зерттеулерді жүргізу сияқты бағыттарды қамтиды. Қатысушылар зертхана ішімен толық танысып болған соң мектеп оқушылары өздері қолдан жасаған әуе зымырандарын көкке ұшырды.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT