Пандемияға байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды.
2021 жылдың 10 қаңтары да тарих қойнауына еніп барады. Дәл осы күні саяси маңызы бар оқиға орын алды. Ол ҚР Парламенті мәжілісі мен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы еді.
Жылыой ауданында да сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сайлау учаскелерінің науқанға аса жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды.
Сайлау барысында пандемияға байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды.