ЖЫЛЫОЙДА СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ АШЫЛАДЫ

Жылыой ауданында тұңғыш рет сүт өңдеу цехы ашылады. Цех күніне 2 тонна сүт және сүт өнімдерін өңдейтін болады,-деп хабарлайды Жылыой аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.

- "Сүт өңдеу цехының құрылысы былтыр басталған. Карантинге байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап, енді биыл аяқталуы керек. Цехқа құрал-жабдықтарды туркиядан алдырды. Енді туркиядан мамандар келіп, техникаларды қосу керек",-дейді ол.

Аталмыш өндіріс орнын облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Айтбай Сисенов өзі қолға алған. Кәсіпкер ешқандай мемлекеттік бағдарламарға жүгінбестен, өз шығынымен кәсібін ашқалы отыр.

Аталған сүт өңдеу цехының құрылыс жұмыстарын көру үшін арнайы барған аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өндіріс орнының дайындық жұмыстарымен және техникаларымен танысты.

Сүт өңдеу цехының құрылыс жұмыстары, жыл аяғына дейін аяқталып, келесі жылдан бастап тұрғындарға өнімдерін ұсынуды жоспарлап отыр.

 

А.ЖҰМАБЕРГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521