Жылыойда Республика күніне арналған мерекелік кеш өтті

Кеше аудандық мәдениет үйінде Республика күніне байланысты "Қыран елім - Қазақстаным" атты салтанатты мерекелік кеш өтті.

Шара барысында "Жылыой аудандық мәдениет үйі" фойесінде көрме ұйымдастырылып, тарихтан сыр шертілді. Сондай-ақ кеш қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдар ұсынылды.

Мерекелік кеш барысында аудан әкімі Жұмабек Қаражанов сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын айшықты мереке Қазақстанның Республика күнімен құттықтады. Мерекенің тарихын айтып, маңызын түсіндірді.

Әрі қарай, кеш аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасынс ұласып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

А.Жұмабергенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT