Жылыойда почта жұмысына мониторинг жүргізді

Почта

Бүгін Атырау-адалдық алаңы жобалық кеңсесінің қызметкерлері Жылыой адалдық алаңының басшысы Абдигалиева Мадина Сабыржанқызымен бірігіп аудан әкімінің орынбасары Шакиров А.И. Құлсары қаласының почта жұмысына мониторинг жүргізді.

Топ мүшесі Аязбаев Қуаныш, Ішкі саясат басқармасының басшысы Айшуакова Гүлнафис қала тұрғындарының шағымы бойынша мекеме жұмысын қадағалады.
Почта басшысының міндетін атқарушы Избергенова Ш.Ж. сұрақтарға жауап беріп, өз мәселелерін жеткізді:
Газет, журнал жеткізу жұмыстарының курьердің жетіспеуі, тасымалдау және реттеу бөлімі капиталды жөндеуді қажет ететіндігін айтып өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Шакиров А.И. почта жұмысын жақсартуға, қолдан келетін көмегін көрсетуге уәде етті.

Жылыой аудандық Адалдық алаңы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз