Жылыой ауданындағы орталық перзентханада сәбилі болған аналар да сайлау науқанынан тыс қалмады. Жас ана Әсем Аманжолқызына өз таңдауын жасау үшін сайлау комиссиясы мүшелері дауыс беру жәшігін арнайы апарды.
-Мінеки, көптен күткен сайлау қарсаңында осы перзентханада 9 ай бойы күткен сәбиімді өмірге есен-сау әкелдім. Бұл күн - елім үшін де, отбасым үшін де тарихта қалатын елеулі күн. Дәл осы күнде сәбиімнің жарқын болашағы үшін дауыс беруге өз еркіммен өтініш білдірдім,-дейді дауыс беруші Әсем Аманжолқызы.