Жылыойда оттегі стансасы салынуда

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Атап айтқанда, облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда», - деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр. Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Атырау облысы денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика