Жылыойда қос балабақша пайдалануға берілді

Жылыой ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа екі "АҚҚАЙЫҢ-2" және "САЛТАНАТ" атты балабақша ғимараттары ашылды.

⠀ Құлсары қаласы "Мұрагер" және "Береке" ықшамауданында екі жаңа балабақшаның ашылу салтанаты өтті. ⠀ Балабақша стандарт талаптарына сай (ойын бөлмелері, жатын бөлме, кіреберіс бөлме және жуынатын бөлмелермен) қамтылған. Балаларды тамақтандыру, денсаулығын қадағалау санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау мақсатында ас үй блогы, медициналық блог және кір жуу блогымен жабдықталған. Сонымен қатар ән-әуен бөлмесі және дене шынықтыру залы, психолог кабинеті, меңгеруші, есепшілер, әдіскерлер бөлмелері бар. Олардың барлығы талапқа сай жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық құралдармен, оқу-әдістемелік құралдармен, олардың барлығы талапқа сай жиһаздармен жабдықталған.

141220202

Ғимараттың ауласында балалар ойын алаңдары орналасқан.  Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов салтанатты рәсімнің ашылуымен құттықтады. ⠀

- Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Осынау айтулы күн мен 2 жаңа балабақшаның ашылуы тұспа-тұс келіп отыр. ⠀ Балабақша - мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ұлтжандылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы.

Балабақша ұжымы жас бүлдіршіндердің сүйікті ұстазы, ауданымыздағы алдыңғы қатарлы тәрбие орталықтарының біріне айналарына сенімдіміз. Бүлдіршіндер игілігіне айналар жаңа балабақшамыз құтты болып, іші әр баланың күміс күлкісіне, шексіз қызығына, риясыз қуанышына тола берсін. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді Халел Жамалов.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT