"Азырақ болып ортаңда,
Көңіліңде тұрсам көбірек", деп аталатын Меңдекеш оқулары өтуде.
Жылыой ауданы М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ақынның 85-жылдық мерейтойына арналған облыстық Меңдекеш оқулары байқауы өтіп жатыр.
Ақын шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындылығын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық "Меңдекеш Сатыбалдиев оқулар" байқауында оқушылар 4 кезең бойынша сынға түсуде.
1."Азырақ болып ортаңда, көңілде тұрсам көбірек" ақын шығармаларын жатқа оқу
2."Қазағым, әлі туарсың біздей, Қаһармандарды қайталап..." ақындар өз туындыларын мәнерлеп оқу
3."Меңдекеш Сатыбалдиевтің прозалық шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу"
4."Жүректерге жетсем-ау шуақпенен..." шығармашылық жұмыс, жоба қорғау.
Ендеше, 4 кезең бойынша сынға түсіп жатқан барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
А.Жұмаберген