Жылыойда мектеп оқушысы су тапшылығын болдырмаудың жолын ұсынды

Су тапшылығын болдырмау үшін, жер асты суын қолдану керек. Бұл туралы жылыойдық оқушы Қарақат Ізтұрған «Кең Жылыой» газетіне жазды.

«Жылыойға ауыз су Қиғаш өзенінен келеді, бұл өзеннің ластану деңгейі орташа және судың құрамында ауыр металдардың бірі кадмий элементі бар екендігі туралы ақпарат картада көрсетілген.

«Қазгидромет» сайтындағы интерактивті картада Қиғаш өзені жайлы ақпараттар берілген. Онда өзен суын ауыз суға айналдыру үшін тазарту жұмыстарын жүргізу қажет делінген. Суреттегі су сапасының ластануына қарап болашақта тұрғындардың ауыз сусыз қалу ықтималдығы жоғары болатындығын байқаймыз.

Ал біздің ауданда 170-тен астам жер астынан шыққан бұрқақ (фонтан) суы бар.

Бірақ олар қазіргі сәтте жәй ғана далаға ағып жатыр. Ал, мен осы жер асты суларын құбыр арқылы Құлсары қаласына тартып әкелуді ұсынамын. Сол кезде су тапшылығы мәселесі шешілер еді.

Табиғи бұрқақтар арқылы қаламызды көгалдандырып, абаттандырар едік. Тағы да айтарым - мұз айдыны. Құлсары қаласына мұз айдынын салу қажет деп есептеймін. Далаға текке ағып жатқан 170 бұрқақ суының тым болмаса біреуін осы жұмысқа пайдаланса дұрыс болушы еді. Әсіресе, Жаңасу жер асты суы - осы мұз айдынын салуға бірден-бір керек бұрқақ болып саналады.

Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі қазіргі жаз айында ауыз суды көбіне бау-бақша суаруға жұмсайды. Менің ойымша осы есік алдындағы аядай жерге егілген бақшамызды суару үшін суды артығымен пайдаланудың қажеті жоқ. Ол үшін израйлдік тамшылатып суару әдісін қолданған жөн деп ойлаймын. Өйткені тамшылатып суару әдісі өнімділікті арттырады, су мөлшеріне үнемдеп, есепсіз кетпеуіне мүмкіндік береді . Ал тамшылатып суару дегеніміз - өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар,түтіктер,эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суару.

Болашақта су қорының азаюы ауданымызды айналып кетпейтінін «Казгидромет» сайты нақты көрсетіп отыр. Демек, текке ағып жатқан суларды игеруді болашаққа қалдырмай, осы бастан жоба әзірлеп, қаражат бөліп тығырықтан шығу жолдарын ертерек қарастыру керек» деп жазды №1 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Қарақат Ізтұрған.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521