9 мамыр – Жеңіс күні таңертең аудан орталығындағы Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған мәңгілік алау монументінің алдына аудан әкімі Жұмабек Қаражанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Гайдар Арыстанов жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.
Жиынға Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және өндірістік мекеме ұжымдары қатысып, «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Шара барысында жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.