ЖЫЛЫОЙДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

.

Жылыойлық күйшілер домбыра күніне орай қастерлі аспаптың мүсінін бейнелеп бір мезетте күй шертті.

Арнайы ұйымдастырылған флешмобқа қатысушылар өз еркімен тіркелген. Атап айтқанда өнер саласының ардагерлері, аудандық оркестр ұжымы, саз және өнер мектептері мен қатар жеке домбыра мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары белсенділік танытты.

Орталық стадион ішінде жиналған 100 күйші бір мезетте "Ерке сылқым" күйін орындады.

Өнерпаздарға дирижерлік еткен ҚР Мәдениет саласының үздігі, аудандық Халықтық Ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Балғынбаев Талап Төлепұлы.

@jylyoi_audany_akimdigi 
@jylyoi_madeniet_sport_bolimi 
@jylyoi_madeniet_uii 

#ұлттықдомбыракүні2025
#ұлттықдомбыракүніАтырау2025
#ұлттықдомбыраЖылыой2025

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT