Жылыойда Құрбан айт ауқымды деңгейде аталып өтті

Жылыой ауданы орталығы Құлсары қаласында Айт намазы 2000 адамның басын қосты. Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Мейрамның бірінші күні мұсылмандар ертерек тұрып, жуынып, таза киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді. Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіріп, татуласады. Құрбан айтта мешітке барарда, нәр татпай шыққан дұрыс. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол күнгі оразасын жаңа сойылған құрбан етімен ашқанды құп санаған» деді Жасұлан Қағазғалиев.
Айт намазынан соң жамағатқа дастархан жайылып, жиналғандар құрбан малының етінен дәм татты. Құрбан айт құрметіне 1000 балаға тәттілер ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521