Жылыойда коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді

Атырауда Коронавирус Жұқтырған Тағы Төрт Адам Тіркелді

Бүгін түнде Қазақстан бойынша тағы 7 адамнан қауіпті індет анықталды. Ауру жұқтырғандардың төртеуі Атырау облысында тіркелді.

Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1 адам есепке алынды. Қазіргі таңда науқастардың барлығының бұған дейін вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр.

“Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр” делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте. 

 Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT