Жылыойда Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  күніне  арналған «Ұлық тұтар - Ұлы заң» атты  мерекелік шара өтті.

86e3b83c-6c89-4a59-a808-31ec261ce453
Қазақстан Республикасының  Мемлкеттік Әнұранымен басталған шарада Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ә.Шәкіров аудан әкімінің атынан құттықтау сөз сөйледі:

Құрметті аудан тұрғындары!

Салтанатты жиынға қатысушылар!

Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр. Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиутция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін! – деді. 
a89a30a9-0355-4975-88a0-81f2e04557b1

Салтанатты шараны Жылыой аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрі, "Жем Аруы" халықтық би ансамблі, жергілікті өнерпаздар әсерледі.  
7dff3be5-ee2d-457e-bbc5-95dc4fc48f8e 

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі табысталып, құқықтық қорғау, заң алдындағы теңдік қағидаларының сақталуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT