Атырау облысының әкімі-облыстық азаматтық қорғаныс бастығы М.Досмұхамбетовпен 2022 жылғы 25 ақпанда бекітілген «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауы негізінде, 2022 жылы 3 – 4 наурызда Жылыой ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетіні хабарланады.
Негізгі мақсаты – көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың дайындық деңгейін арттыру.
Жылыой ауданды әкімдігі жанындағы оқу - жаттығу штабы