Жылыойда карантинге қарамастан отбасылық шаралар өткізгендер анықталды

Атырау облысында сенбі, жексенбі күндері карантиндік шектеу режимін бұзған 175 дерек анықталды

«Ауыр эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, шектеу режимін ең көп бұзған Атырау қаласының тұрғындары болып отыр. 12-13 шілде аралығында Атырау облысы бойынша жүргізілген рейд барысында бір ғана Атырау қаласында карантиндік шектеу режимін бұзудың 81 дерегі тіркеліп отыр» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Мәселен, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «үйге жеткізу» қағидатымен ғана жұмыс істеуге рұқсат бергеніне қарамастан, ​ мейрамхана, кафелер келушілерді жабық ғимарат ішінде тамақтандыруды жалғастырған. Аталған жағдай тоғыз жерде анықталып отыр.

Сондай-ақ, рейд барысында 24 азық-түлік дүкенінің бекітілген жұмыс уақытынан тыс мезгілде ​ саудамен айналысқаны белгілі болды. Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенгеніне қарамастан, топтанып жүрудің 26 дерегі, отбасылық ​ шара ​ өткізудің бір дерегі тіркелді.

Карантиндік талаптарды сақтамау деректері Жылыой ауданында да көптеп кездесіп отыр. ​

Аудандағы ауыр эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, той, садақа түріндегі 5 отбасылық шараның өткені анықталды.

Сенбі, жексенбі күндері қозғалысқа толықтай тыйым салынғанына қарамастан, көшеде себепсіз жүрудің 30 дерегі тіркелді. Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытынан тыс мезгілде сауда жасауы бойынша, Индер ауданында 4, Құрманғазы ауданында 3 дерек анықталып отыр.

Карантиндік шектеу режимі тек Мақат ауданында ғана бұзылмаған.

Тізбекке шаққанда, карантиндік шектеу талаптарын бұзудың Атырау қаласында 81, Жылыой ауданында 37, Индер ауданында 4, Исатай ауданында 14, Қызылқоға ауданында 7, Құрманғазы ауданында 23, Махамбет ауданында 9 дерегі анықталып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521