Жылыойда карантинге қарамай отбасылық шара өткізгендер анықталды

Атырау облыстық Полиция департаментіне қызметтік тексеріс жүргізу бойынша хат жолданды.

Жылыой ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелерімен сенбі және жексенбі күндері үй-үйді аралау барысында 2 отбасылық шара өтіп жатқаны анықталды. Мобильді топ мүшелерімен той тоқтатылып, таратылды.

Карантиндік режимді бұзған тұлғалардың түсініктемелері алынып, жинақталған жадығат Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасына тиісті шара қолдану үшін жолданып, тұрғын үй иелеріне айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 5 маусым күні мобильді топпен және Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы өкілдерімен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қатысқан отбасылық шара өткен 2 мекен-жай (24 маусым, 31 шілде) анықталып, тұрғын үй иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 425-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ал Жылыой аудандық полиция қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін қарастыру бойынша Жылыой ауданы әкімдігі өз тарапынан Атырау облыстық Полиция департаментіне қызметтік тексеріс жүргізу бойынша хат жолданды.

Қабылданған шешім бойынша жауап келгеннен кейін әлеуметтік желі арқылы нәтижесі жарияланатын болады.

Жылыой ауданының жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521