ЖЫЛЫОЙДА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

карантин режимін сақтамағандар

Жеке секторларда карантин талабын бұзған азаматтар анықталды

Жылыой аудандық мобильдік топтың өкілдері күндізгі және кешкі уақыттарда карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Жылыой ауданы әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті полиция кызметі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы бірлесе кезекті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.

Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда, жеке секторларда карантин талабын бұзған азаматтар анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Атырау облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Талаптар мен ережелерді сақтамаған сауда орындары, тұрғындар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеміз.

Жылыойлықтарды Атырау облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен енгізілген шектеулердің талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Жылыой аудандық жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521